Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай өңірдің ұстаздары ең жоғары жалақы алады

Бір жыл ішінде білім саласы қызметкерлерінің жалақысы бірден 27%-ға артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ranking.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Осы жылдың екінші тоқсанында мұғалімдердің орташа айлық жалақысы 233,9 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 26,8%-ға көп. 

Балабақша қызметкерлері орта есеппен 116,4 мың теңге, бастауыш білім — 193,4 мың теңге, орта білім — 273,7 мың теңге, жоғары білім 251,7 мың теңге жалақы алды.

Өңірлер арасында ең жоғары жалақы елордалық мұғалімдерде – 350,8 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 17,6%-ға артық.

Екінші және үшінші орындарға Маңғыстау облысы (268 мың теңге) мен Алматы қаласы (265,5 мың теңге) жайғасты.

Ең төмен айлық Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр – 200,7 мың теңге.

Басылым ақпаратынша, Қазақстанның тек бес өңірінде ғана мұғалімдердің жалақысы республикадағы орташа еңбекақыдан асады. Үздік бестікке Қызылорда мен Алматы облыстары да кірді.

Білім министрлігі келесі жылдан бастап балабақша, мектеп пен колледж мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға өсетінін хабарлаған болатын.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 26 Тамыз, 2021 11:59
Талқылау