Басты жаңалықтар
Қазақстанның қай өңірі дауыс беруден көш соңында қалып тұр?
Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру басталғаннан бері өз таңдауын жасаған сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98%-і немесе 6 254 837 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Ең белсенді сайлаушылар – Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында.
Ең төмен көрсеткіш – Алматы қаласында, таңғы жетіден бері небәрі 19,14 пайызы ғана дауыс берді. Былтыр 20 қарашада өткен президент сайлауында дәл осы уақытта алматылық сайлаушылардың 26,19%-і учаскеге келіп, бюллетень алған еді.
Өңірлердегі жағдай:
- Абай облысы бойынша – 55,23%
- Ақмола облысы бойынша – 58,96%
- Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%
- Алматы облысы бойынша – 59,45%
- Атырау облысы бойынша – 48,15%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%
- Жамбыл облысы бойынша – 64,78%
- Жетісу облысы бойынша – 54,82%
- Қарағанды облысы бойынша – 58,21%
- Қостанай облысы бойынша – 64,81%
- Қызылорда облысы бойынша – 64,95%
- Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%
- Павлодар облысы бойынша – 58,43%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%
- Түркістан облысы бойынша – 49,14%
- Ұлытау облысы бойынша – 58,26%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%
- Астана қаласы бойынша – 38,57%
- Алматы қаласы бойынша – 19,14%
- Шымкент қаласы бойынша – 42,31%.
Талқылау

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
The Theater қызды шығарып жіберудің себебі не екенін айтудан бас тартты

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп