Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай аймағында су тапшылығы бар екені белгілі болды

Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында ауылдық жерлерде сумен жабдықтау деңгейі төмен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет барысында айтып берді. Бұл ретте жекелеген өңірлер артта қалып отыр. Ауыз сумен қамту деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында төмен.

"Сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор. Мемлекет басшысы таза ауыз суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірлерде теңестіру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдарды сапалы және қажетті мөлшерде сумен жабдықтау қызметімен кезең-кезеңмен қамту жөнінде жоспар әзірленді. Сондықтан өңірлер халықты сумен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды кейінге қалдырмай, тиімді шаралар қабылдауы керек. Елбасының бастамасымен елімізде қазір «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылуда", - дейді ол. 

Ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамыту осы бағдарламамен үйлестірілген. Қазір республика бойынша барлығы 6341 ауыл бар. Оның ішінде 4078 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. 279 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. 1146 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынып жатыр. Халық саны аз ауылдарда өз елімізде өндірілген су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады.

Премьер-Министр жобалардың шығындарын қысқартып, жергілікті қамтуды
дамыту мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру
кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың типтік жобаларын, сондай-ақ отандық
өндірушілердің материалдарын пайдалануды тапсырды.
Экология министрлігіне топтық су құбырларын басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру бойынша шаралар қабылдап, оларды салу және реконструкциялау
жобаларын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте 2021
жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді
көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау қажет екені атап
өтілді.

Индустрия, ұлттық экономика, қаржы, экология, денсаулық сақтау
министрліктеріне халық үшін тарифтердің артуына жол бермеу мақсатында
қызмет көрсетуді және қарызды өтеуді ескерумен кәріздік тазарту
құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң
жүзінде бекітуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Талқылау