Қазақстанның ірі қалаларында көлік жүргізушілеріне жаңа айыппұл енгізілмек
Қазақстанның ірі қалаларында көлік жүргізушілеріне айыппұл салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik
Экология министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықовтың сөзінше, Алматыда пилоттық режимде улылық және түтін нормаларын асырған көлік жүргізушілері жазалана бастады.
"Көлік құралдарының пайдаланылған газдары бойынша жол карталары бекітілді. Ал жол карталары аясында Алматы мен Астана қалалары үшін арнайы шаралар қарастырылды. Бұл шаралар ішінара орындалды. Сатылған жанар-жағармайдың сапасы аясында заң қабылданды. Сонымен қатар, тексеру бекеттерінде де тиісті өзгерістер енгізілді. Көліктерге және көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар күшейтілді", – деді Қожықов.
Қожықов қазіргі уақытта Алматыда әкімдік қаржыландыратын 19 экопост жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол орындарда көліктерге тиісті тексерулер жүргізілетінін айтты.
"Автокөліктердің шығарындылары Алматы қаласының атмосферасына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан мұндай шаралар пилоттық режимде жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар еліміздің басқа да ірі қалаларында жүзеге асырылатын болады", – деді Қожықов.
Айта кетейік, бұған дейін 4 желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілеріне орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынатыны туралы хабарлаған едік.