Қазақстанның интернет кеңістігі латын әріпіне өтуге дайын ба? Мамандар пікірі
Бүгінге дейін бір бітімге келіп, әлі бір форматпен шектеле қоймаған латын қарпі еліміздегі интернет кеңістігіне де едәуір өзгеріс әкелуі мүмкін. Мәселен қазір Қазақстандағы желі жүйесінде 175 мың KZ деп көрсетілген домендік атау болса, соның 99 600-і қолданыста екен. IT-мамандардың айтуынша, енді ол атаулардың барлығы латын қарпіне ауыстырылса желі қолданушыларына қиындық туғызуы мүмкін. Ал қоғам белсенділері құжаттар мен төлем карталарының негізгі KZ кодын ауыстыру ол үлкен қателік деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам белсендісі Нұраддин Садықов әліпби ауысса, KZ-тан QZ-қа көшу халықаралық келісімшарттарда қиындық туғызады деп біледі. Себебі ел іргесін қалап, шекарасын шегелегенде-ақ KZ атауымен тіркеліп қойдық деп отыр. Ал енді әлемдік стандарттағы кодтты өзгерту ақылға сыймайды екен.
"Қазақстан деген мемлекет әлемде картадан өзінің орнын алғаннан бастап бұған KZ деген шартты түрде атау берілді. Бұл брендтік қалыптасуының өзіне біз миллиардттап ақша жұмсадық. Одан бөлек мына СVV код IBANN, BIK код дегендер бар банктерде қауіпсіздік мәселелері. Егер дәл осы латынға көшетін болсақ біздің көптеген мемлекеттік ақпараттар қауіпсіздік мәселесі, хакерлік шабуылдарға ұшырау қауіпі өте жоғары. Сонымен қатар қаржылық мәселелердің қаржы ұрлануы өте көп болатыны кәміл", - деді қоғам белсендісі Нұраддин Садықов.
Aқпатарттық технология мамандарының айтуынша, қаріптен келер қауіп құжаттардан бөлек IT саласына да қолайсыздық туғызады. Алайда оның арнайы баптаулармен жеңілдетуге болатынын жасырмайды. Бірақ бұл үшін барлық еліміздегі интернет жүйесін қайта қауіпсіз кодтармен тіркеп шығуға тура келетін көрінеді. Ал латынға ауысқан жағдайда ең алдымен желіге жарнама берген кәсіп иелері қиындыққа ұшырайды. Себебі код өзгерген, тұтынушы іздеген сайтын, тауарын таба алмайды.
"Қазақстан еліне точка KZ бірінші деңгейлі домен берілген. Енді оны келісімшарттар арқылы провайдерлердің жұмысы арқылы оны QZ, QAZ деген сияқты домендер алуға мүмкіншілігі бар. Бірақ провайдерлер жақтан көптеген қаржы тартылуы мүмкін. Алайда техникалық жақтан бұл мүмкін", - деді Ұлттық Ақпараттық технологиялар бас маманы Бектілеу Оразбаев.
Интернеттегі домендік мекен-жайды Қазақстанның желі сегментінде KZ деп тіркеу 2010 жылы алғаш жүзеге асқан. Содан бері бұл қазақстандық интернет кеңістігінде домендік атау болып келеді. Ал латын қарпіне ауысатын болсақ, ресми әрекеттерді Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мойынына алады. Сондай-ақ минстірлік оны тегін жасауға тырысады.