Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер және әйелдер құрамасына жаңа бапкеркерлер тағайындалды

Белгілі қазақстандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған дейін бұл лауазымда чех Михал Билек болған. Онымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. 

Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы басқарған және 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан.

Сондай-ақ ол әр жылдары "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу" (Ақсу), "Ертіс" (Павлодар) және "Ақжайық" (Орал) футбол клубтарында жұмыс істеді.

Келесі жылдың көктемінде Байсуфиновтың басшылығымен Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатын іріктеу кезеңінен бастайды. Топтық кезеңде оның қарсыластары Франция, Украина, Финляндия, сондай-ақ Босния және Герцеговина болады.

Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды. Ол 2012 жылдан 2016 жылға дейін командамен жұмыс істеген болгар маманы Калоян Петков болды. Ол шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" әйелдер футбол клубының көпжылдық тәлімгері ретіндегі табысты жұмысымен танымал.

Еске салайық, Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы лауазымына ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды.

Талқылау