Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Мүсіреп өмірден өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ардагері, “Құрмет” орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсіреп Еркебұлан Саламатұлы 75 жасына қараған шағында бақилық болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еркебұлан Саламатұлы 20 жылдан астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарған. 

Басшылық қызметі кезінде ол Ахмет Жұбанов құрған оркестрдің бұрынғы атақ-даңқын қалпына келтірді. Тіпті, Мүсіреп Еркебұлан оркестрмен бірге әлемдік турне жасады.

Біртуар азамат П.И.Чайковский атындағы музыка училищесін сырнайшы және халық аспаптары оркестрінің дирижері мамандықтары бойынша оқып бітірген.

Сонымен қатар, Ленинград жоғары мәдениет мектебін және Мәскеу мәдениет институтын бітірген. КСРО-дағы ең үздік бес баяншының бірі.

Ол "Гүлдер"республикалық ансамблінің директоры және "Қазақконцерт"директорының орынбасары болған.

Еркебұлан Саламатұлы “Әлемге әйгілі оркестр” атты деректі-суретті тарихи еңбектің авторы.

Оған 1994 жылы президенттің Құрмет Грамотасы, 2003 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", 2006 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Құрметті профессоры" атағы берілді, 2009 жылы "Құрмет"орденімен марапатталды.

Бұдан өзге , 2005 жылы "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", ал, 2011 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталды. 2011 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданының "Құрметті азаматы" атағына ие болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр