Қазақстанның ең үздік теннисшісі Франциядағы турнирде жеңіліске ұшырады
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы Кирилл Герасименко Франциядағы турнирде жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Монпельедегі WTT Champions турниріне қатысып, 1/8 финалға шыға алмады. Отандасымыз алғашқы айналымда-ақ жастар арасындағы бірнеше дүркін чемпион, қытайлық Сян Пэнге қарсы ойнап, 0:3 есебімен қарсыластың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Кирилл әлемнің ең үздік теннисшілері бас қосқан додада жарыс жолын ерте аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Геросименко Астанада өткен Азия чемпионатындағы командалық сында да ширек финалда жеңіліс тапқан еді.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі