Қазақстанның ең сұлу боксшысы мансабындағы маңызды айқасқа дайындалуда
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Қазақстанның ең сұлу боксшысы атанып кеткен Балауса Мұздыман алдағы уақытта маңызды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Боксшы осы ақпаратты өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Жақында үлкен жекпе-жек күтіп тұр", – деп жазды Балауса Мұздыман.
Айта кетейік, спортшы бұған дейінгі сұхбаттарында бес жыл ішінде бес белбеуге қол жеткізу — басты мақсатының бірі екенін айтқан еді.
"Бес жыл ішінде бес белбеудің иесі боламын деп сенемін. Тіпті бір емес, екі салмақта әлем чемпионы атану жоспарда бар. Себебі қыздар арасында салмақ айырмашылығы шамамен 1,5–2 келі ғана, сондықтан бір салмақтан екіншісіне ауысу аса қиын емес. Бұл менің қолымнан келеді деп ойлаймын", – деді Мұздыман.
Балауса Мұздыман соңғы рет Алматыда үндістандық Мамта Сингхпен жұдырықтасып, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. Жалпы, ол өзінің мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал алтауында нокаут тіркеген.

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
