Қазақстанның екі өңірі бірден "қызыл" аймаққа өтті
Қазақстанның тағы екі өңірі коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2021 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе және Алматы облыстары "қызыл" аймаққа өтті.
Осылайша, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан , Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн