AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның екі облысындағы полиция департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды

Президент әкімшілігінің келісімімен полиция полковнигі Бауыржан Әленов Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

45 жастағы Бауыржан Әленов Көкшетау облысының тумасы. 2004 жылы "Фемида" заң институтын тәмамдаған, 2012 жылы Қарағанды ​​заң институтының магистр дәрежесін алды.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады.

Ол өткен жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы болған.

Алматы облысының полициясын осы жылдың қаңтар айынан бері басқарған Арыстанғани Заппаров 21 шілдеде Алматы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Қызылорда облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға Мұхтар Қожабаев келді. 

Кеше, 2 тамызда ішкі істер органдарында орын алған кадрлық өзгеріске байланысты Қызылорда облысының активі өтті. Жиынға арнайы келген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалған Мұхтар Қожабаевты таныстырды.

Мұхтар Қожабаев 1968 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Еңбек жолын 1987-1989 жылдары Қарулы күштер қатарында қызмет атқарды.

2009-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

2015-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары. 2018 жылдың шілде – қараша айлары – Түркістан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.

2018 жылдың қараша айынан – Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр