Қазақстанның екі облысында бруцеллездің өршуіне байланысты шектеулер енгізілмек
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында малдың бруцеллез ауруын жұқтыру жағдайларына байланысты шектеу шаралары енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ашық НҚА" сайтында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу шараларын енгізу туралы бұйрықтардың жобасы жарияланды.
"Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 19 маусымдағы ұсынысы негізінде Мариновка ауылдық округінің әкімі шешім қабылдады. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылы және оған шекаралас аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін", - делінген бұйрық жобасында.
Жоба қоғамдық талқылауда 9 маусымға дейін болады.
Сондай-ақ, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2023 жылғы 25 мамырдағы ұсынысы негізінде Тоқшын ауылдық округі әкімі шешімімен, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылының ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгіленді.
Жобаның қоғамдық талқылауы 31 мамырға дейін жалғасады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
