Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, қарлы боран мен көрінудің шектелуіне байланысты екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілген.
“Ақмола облысында "Щучинск-Зеренді" 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді а. аралығына - 77 км.
Жетісу облысында "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100 км”, – делінген хабарламада.
Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 302 бірлік техника мен 441 адам жұмылдырылған.
Талқылау