Қазақстанның екі каратешісі халықаралық марапатқа қол жеткізді
Фото: olympic.kz
Каратеден әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі саналатын Премьер-лига маусымының финалдық кезеңі Марокконың Рабат қаласында өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жарыс жыл бойы үздік өнер көрсеткен спортшыларды анықтауға бағытталған.
Қазақстан құрамасының мүшелері Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай өз салмақ дәрежелерінде жоғары нәтижелер көрсетіп, Grand Winner атағына ие болды. Бұл марапат төрт кезең бойы ең көп ұпай жинаған спортшыларға ғана беріледі.
Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ санатында ерекше көзге түсіп, Парижде қола, Ханчжоуда күміс, ал Каирде алтын жүлдені иеленді. Осылайша, ол Grand Winner марапатын екінші мәрте алған алғашқы қазақстандық атанды.
Ал 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әсел Қанай да тұрақты нәтиже көрсетті. Ол Париж бен Каир турнирлерінде күміс, ал Ханчжоуда қола медаль еншіледі.
Бұған дейін бір маусымда екі бірдей қазақстандық спортшы Grand Winner сыйлығын қатар иеленген емес.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
