Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіндегі қайта құру: Жаңа комитет пайда болды
Ел үкіметі "ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа комитет "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне және "ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен құрылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болады.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
