Қазақстанның бұрынғы вице-министрі Украинада лауазымды қызметке ие болды
Санжар Жәркешов «Нафтогаз Украина» ҰАК (Head of Upstream Exploration and Development) Кен орындарын барлау және игеру бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұрын Санжар Жәркешов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, «Қазгеология» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.
Мұнай инженері, Остиндегі Техас университетінде (АҚШ) қаржыгер білімін алған, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті түлегі.
Санжар Жәркешов әлемнің 17 еліндегі инженерлік, өндірістік және басқарушылық 11 жылдық тәжірибеге ие.
2014 - С. Жәркешов бұрғылау бойынша әлемдік рекорд орнатты (Z-40 ұңғымасы, 13000 м, Сахалин аралы, Ресей Федерациясы).
2016 жыл - Бүкіләлемдік мұнай инженерлері қоғамының «Бұрғылау ісіндегі ерекше жетістіктері үшін» SPE сыйлығымен марапатталды.
2016 жыл - «Кәсіби Инженер/Chartered Engineer» британдық атағының иегері. Британдық механикалық инженерлер институтының басқарма мүшесі.
2017 жылы Ұлыбританияның мұнай өнеркәсібін дамытуға (Merlin ERD компаниясы құрамында) қосқан үлесі үшін Королева II Елизавета атындағы сыйлықпен марапатталған.