Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды
Фото: finpol.kz
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Оны неміс құқық қорғау органдары қолға түсірген.
"ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ФРГ-нің Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д ұсталды. Іздеудегі тұлғаны неміс құқық қорғау органдары Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықтап, қамауға алды", – делінген министрлік хабарламасында.
Дүйсенов Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін атқарған. Оны бұл лауазымға Қайрат Қожамжаров Бас прокурор болып тұрған кезде өз бұйрығымен тағайындаған. Еске салсақ, Қожамжаровтың өзі қазір қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша тергеліп жатыр.
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп