Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

Фото: pixabay.com

Қатты аязға байланысты Астана, Семей және Өскемен қалаларында, Павлодар облысында мектептердің бірінші ауысымындағы оқушылар мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласының білім басқармасы 26 ақпан күні қала мектептеріндегі бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберілгенін хабарлады.

"Ауа райының нашарлауы (температураның төмендеуі) байланысты 2026 жылдың 26 ақпанында бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшіріледі", – делінген хабарламада.

Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, 26 ақпанда Павлодар облысындағы мектептердің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқуға көшерілген.

Дәл осындай шектеу Семей қаласында да енгізілген.

"2026 жылдың 26 ақпанында Семей қаласындағы мектептерде қолайсыз ауа райына байланысты (қатты аяз) 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің бірінші ауысымдағы 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылады", – делінген Семей қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар, Өскеменде бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары да қашықтан оқиды.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 22:57