Қазақстанның бірнеше облысында 7-11 сәуір аралығында су деңгейі көтеріліп, тасқын болу қаупі төнді
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан бойынша 7-11 сәуірде ауа райы күрт өзгеріп, салдарынан су деңгейі көтерілетінін ескертті.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Корнеевка ауылында Үлкен Тораңғыл көлі гидрологиялық бекетінде су деңгейі тәулік ішінде 6 см көтерілген. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты Есіл өзені 8 сағат ішінде 24 см көтерілді. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см. Қауіпті деңгей – 940 см (судың жайылмаға шығуы), 960 см болса, халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына су шығады.
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейі артпақ. Ақмола облысында Балкашино ауылының Жабай өзені 4 сағат ішінде 64 см көтерілді. 18:00 бойынша су деңгейі – 314 см (қауіпті деңгей – 520 см).
Ұлытау облысындағы Жезді өзені Жезді гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Судың нақты деңгейі 08:00-те – 209 см. Қауіпті деңгей – 240 см.
Ақмола облысындағы:
- Жабай өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейі 4 сағат ішінде 13 см көтерілді. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 595 см (қауіпті деңгей – 710 см), су нысанының күйі – таза.
- Аршалы өзенінде гидрологиялық бекетінде су деңгейі 4 сағат ішінде 61 см көтерілді. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 988 см (қауіпті деңгей – 1100 см).
- Қалкұтан өзеніндегі гидрологиялық бекетінде су деңгейі 4 сағат ішінде 20 см артты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 505 см (қауіпті деңгей – 630 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындарының келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріліп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Боқсық өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейі 4 сағат ішінде 36 см көтерілген.
12:00 жағдай бойынша су деңгейі – 625 см (қауіпті деңгей – 690 см), су нысанының күйі – бекеттен жоғары мұз кептелісі, мұздың сирек жүруі.
“5-8 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы, және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар”, – деп мәлімдеді ведомоство.
5-11 сәуір аралығында Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан) су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін.
5-7 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі болжанды. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Қарағанды облысы, Үлкен құндызды өзені – Киевкада (Нұра) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағаны хабарланды. Судың нақты деңгейі – 383 см. Қауіпті деңгей – 450 см. Судың күрт келуіне байланысты су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін.
Одан бөлек бірнеше облыста қатты жаңбыр жауғаннан да су деңгейі көтеріледі екен.
Абай мен Шығыс Қазақстан облысында 7-9 сәуір аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауына, сондай-ақ 8 сәуірде облыстың басым бөлігінде жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
6-11 сәуір аралығында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты қар еріп, автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың сумен толу және су басу қаупі бар.
Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Судың нақты деңгейі – 406 см. Қауіпті деңгейге 44 см қалған.
Одан бөлек 7 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды мен Ұлытау, Түркістан облыстарында қатты жаңбыр жауады.