Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның тоғыз облысында қалың қар, тұман, бұрқасын мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

 Дәрігерлер 82 жастағы әжейдің құтқарып қалды

Нұр-Сұлтанда 15 қарашада қар жауады, боран соғады.

15 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Көкшетауда боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 метр, күндіз таулы аудандарда секундына 25 метр жел тұрады. Шымкентте 15 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

15 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр дейін жетеді.

Бұл күні Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

15 қараша күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Қостанайда күндіз солтүстік-шығыстан секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады.

14-16 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, 15 қарашада екпіні секундына 23-28 метр жылдамдыққа дейін жетеді.

Таразда 14-16 қараша күндері тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 14, 15 қарашада солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.

14-15 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 14 қараша күндіз, 15 қараша түнде оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр