Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP 250 турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты,деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бублик

Жартылай финалда ол австралиялық Джейсон Кублерді сенімді түрде ұтты.  Бір сағат он минутқа созылған кездесу 6:3, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.  Айта кетейік, ATP рейтингінде Бублик 42-ші орында, ал Кублер 102-ші орында.

Ертең, 18 шілдеде өтетін финалда қазақстандық теннисші америкалық Максим Крессимен ойнайды.

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 17 Шілде, 2022 09:52
Талқылау