Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірде-бір елмен шиеленісті қарым-қа­ты­насы жоқ - СІМ

Қазақстан өзін халықаралық қаты­­настардың жаһандық жүйес­і­нің сали­қалы, парасатты және жауапты қаты­су­шысы ретін­де таныта алды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің "Егемен Қазақстан" газетіне жазған мақаласында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1992 жылы 2 шілдеде Қазақ­стан прези­денті "Сыртқы істер министр­лігі туралы", "Қазақстан Респуб­ликасының елшілігі туралы" және "Қазақстан Республикасы­ның төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы" ережелерді бекіткен жарлықтарға қол қойды.

Биыл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл толды.

"Сырт­қы саясат­ты тиімді жүргізудің арқа­­сын­да еліміз басқа мемлекеттер­мен қақ­тығыстарға бар­мау­ға мүм­кіндік алды. Соның нәтиже­сінде, бүгінде халық­аралық қо­ғам­дастықтың бірде-бір субъек­тісі­мен шиеленісті қарым-қа­ты­насымыз жоқ. Осы арқылы отан­­­дық дип­ломатия мемлекет­тігі­міздің нығаюына елеулі үлес қосты", - делінген мақалада.

Ол сыртқы саясатымыздың ең маңыз­ды жетістігі ретінде мемлекеттік шекараны заң­дық ресімдеу процесін атап өтті. Елдің сыртқы шекараларын делимитациялау және демаркациялау мәселесі – әлемнің көптеген өңірінде ғасырлар бойы шиеленістер мен әскери қақтығыстардың себебі болып келген өте сезімтал мәселе.

"Біз қысқа тарихи мерзім ішінде Қытай, Ресей және Орталық Азиядағы көршілес елдермен шекара мәселесін шеше алдық. Бұл ұлттық мүдделерге нұқсан келтірместен жасалды. Бұған бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағы мәртебесіне ие болған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюды да жатқызуға болады", - делінген мақалада.

Министрдің айтуынша, ядролық қаруды таратпау ісіне белсенді қатысуымыздың өзі Қазақ­станның өзіндік саяси брендіне айналды.

"Әртүрлі елдердің көшбасшылары ресми және бейресми әңгімелер барысында әлеуеті бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқаны үшін бұрынғысынша Қазақстанға деген шынайы құрметін білдіріп келеді. БҰҰ Бас Ассамб­лея­сы­ның 29 тамызды – Семей по­ли­гонының ресми жабылған күнін – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы шеші­мі біздің осы бағыттағы күш-жігерімізді мойындау болды", - дейді ведомство басшысы.

Талқылау