Қазақстанның бір өңірінен коронавирус жұқтырғандар анықталмады
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың жаңа жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде 5 маусымдағы жағдай бойынша 64 ауру тіркелген, оның 43-і сауыққан.
Жалпы, 5 маусымда республика бойынша 255 адам коронавирус жұқтырған. Өсім 2 пайызды құрады:
- Алматы қаласы - 49 (1,8%)
- Қарағанды облысы - 48 (4,7%)
- Нұр-Сұлтан қаласы - 35 (1,5%)
- Батыс Қазақстан облысы - 22 (2,9%)
- Шымкент қаласы - 15 (1,7%)
- Алматы облысы - 11 (2,7%)
- Маңғыстау облысы - 11 (3,6%)
- Атырау облысы - 10 (0,9%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 9 (5,7%)
- Жамбыл облысы - 7 (1,7%)
- Ақтөбе облысы - 6 (1,6%)
- Ақмола облысы - 5 (3,0%)
- Павлодар облысы - 5 (2,2%)
- Түркістан облысы - 5 (1,3%)
- Қостанай облысы - 4 (2,1%)
- Қызылорда облысы - 3 (0,7%)
Жалпы ел бойынша Covid-19 індетіне шалдыққандар саны 12312-ге жетті, аурудан айыққандар саны 6606 адамға дейін өсті.
Талқылау