Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бес облысында тас жолдардағы жол қозғалысы шектелді

5 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: omsk.bezformata.com

Ақмола облысында - 1 учаске:

  • "Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ААП - Қарағанды обл.шек – 61 км. 

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске:

  • "Өскемен-Шемонайха-РФ шек." 105-123 шек. Шемонайха қ. - РФ шек. дейін -18 км.

Қарағанды облысында - 5 учаске:

  • "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км. Ақмола обл.шек. - Теміртау ААП-73 км. 
  •  "Екатеринбург - Алматы" 1505-1854 км. Новостройка а.-Балқаш қ.дейін - 349 км. 
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 104-266 км. Нұра к.-Теміртау қ. дейін – 162.
  • "Екатеринбург-Алматы" 1445-1459 км. Теміртау қ.-Қарағанды қ. дейін -14 км. 
  • "Бастау-Ақтау-Теміртау" 0-53 км, Бастау а. - Теміртау қ. дейін - 53 км.

Қостанай облысында - 1 учаске:

  • "Жезқазған-Петропавл" 252-335 км. Ұлытау обл.шек - Арқалық қ. дейін - 83 км.
  • Ұлытау облысында - 2 учаске:
  • "Жезқазған-Петропавл" 64-137 км. Жезді к.-Ұлытау а. дейін - 73 км.
  • "Жезқазған-Петропавл" 137-252 км. Ұлытау а.- Қостанай обл.шек. - 115 км.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 бірлік техника және 754 адам жұмылдырылды.

31 желтоқсан күні таңғы сағат 7:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды ​​облысының жолдарында 1359 көлік тұрып қалды. 3459 адам жиналды, оның 129-ы балалар.

Талқылау