Қазақстанның бес аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі
Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстанның кейбір облыстарында дауылды ескерту жарияланды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының екі қаласында қолайсыз ауа-райы жағдайлары күтілуде.
16 желтоқсанда 21 сағаттан 18 желтоқсанға дейін, Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 70-75% құрайды.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оралда 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Көкшетау қаласында: 16 желтоқсанда күндіз оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды.
Маңғыстау облысында 15 желтоқсанда кешкі сағат 8-ден 16 желтоқсанда кешкі сағат 20-ға дейін кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтауда: 16 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел, екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.
15 желтоқсанда сағат 20-дан 16 желтоқсанда 20-ға дейін Атырау облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Атырауда: 16 желтоқсанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
