Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бес ауданын су басу қаупі төніп тұр

Ақтөбе облысының бес ауданын толассыз жауған жаңбыр мен күннің күрт жылынуынан су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан алынды

Өңірдегі өзендердегі су деңгейі айтарлықтай көтеріліп, бірнеше аумаққа қауіп төнуде. Су басу қаупі қатты жауған жауын мен қардың еруінен туындады. Байғанин ауданындағы Сағыз өзені әдетте көктемде болатын қардың кенет еруі мен жауын-шашынның салдарынан суға толды.

Дәл осындай жағдай Шалқар ауданында да орын алып, ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты қар еріп, қатты ағынмен су тасып жатыр. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыстың бес ауданында еріген және жаңбыр суы жиналып, тұрғын үйлерді су басқан жағдайда төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылып, тәулік ішінде мың текше метр су сорылды. Жедел шаралардың арқасында төтенше жағдайлардың алдын алды.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Нұрбек Оралбаев төтенше жағдайлар департаментінің күштері жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста суды сору және арнаға тарту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басу қаупі жоқ.

Талқылау