Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі Айгүл Құспановты қызметінен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл қызметтерді Айгүл Құспан 2018 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
Ол Nur Otan партиясынан ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат болды. Сайлау қорытындысы бойынша ол Мәжілісте партия атынан өкілдік ететін кандидаттар тізіміне енді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”