Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның батыс бөлігінде бірнеше тас жол жабылды

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қазақстанның батысында бірнеше республикалық жолдар көлік қозғалысына жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазавтожолдың" хабарлауынша, Маңғыстау облысында Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау жолы, Атырау облысының шекарасынан Бейнеу ауылына дейінгі аралықта көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді.

Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жол қозғалысына шектеулер енгізілді. Республикалық жол желісінде 429 арнайы техника мен 950 маман жұмыс істейді.

Жол қызметкерлері көлік жүргізушілерін жабық жолдармен жүрмеуге шақырып, белгіленген әкімшілік жауапкершілікті еске салды.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 8 ақпанда бұл өңірлерде дауылды ескерту жарияланған.

 

Талқылау