Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бейсенбі күні тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Республиканың көптеген аймақтарында тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтема жасап.

Жұма күні ауа райы қандай болады

Дауылды ескертулер

Нұр-Сұлтан қаласында 12 қарашада көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді.

12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан, батыстан  жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түседі, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Ал Шымкент қаласында 12 қарашада күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістан қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м / с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болжануда. 12-13 қарашада кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбіне қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 12 Қараша, 2020 06:27
Талқылау