Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Батпенов көз жұмды

Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Батпенов қайтыс болды. Бұл туралы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Батпенов 71 жасында бақилық болған.

"Бүгін, 2020 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан ҰҒА академигі (ұлттық ғылым академиясы), травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан травматологтар мен ортопедтер қауымдастығының президенті, профессор Батпенов Нұрлан Жұмағұлұлы көз жұмды", - делінген институт хабарламасында.

Өлімнің себебі көрсетілмеген.

Нұрлан Батпенов 1949 жылы Ақмола облысының Балкашино ауылында дүниеге келген. Целиноград мемлекеттік медицина институтында оқыды. Еңбек жолын Целиноград облыстық клиникалық ауруханасының травматологиялық-ортопедиялық бөлімінде дәрігер-ординатор болып бастаған.

Әр жылдары Целиноград мемлекеттік медицина институтының травматология және ортопедия кафедрасының ассистенті, Ақмола медакадемиясының экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры, қалпына келтіру травматология, ортопедия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарды.

Талқылау