Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылғы 23 қазандағы жарлығындағы өзгерістер жарияланды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің бас дәрігері шешім қабылдады:

- анықтама болмаған жағдайда (ПТР туралы), Қазақстан азаматы емес және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе бортына отырғызбау;

- шетелден ұшып келген Қазақстан азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар, анықтама болмаған жағдайда, карантиндік ауруханаға 7 күнге дейін зертханалық зерттеу жүргізу үшін жатқызылады.

COVID-19 бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижесін алғаннан кейін COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. COVID-19 ауруы анықалған жолаушылар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. 

Сонымен қатар, 26 қазандағы жарлықтың 1-тармағының 1-тармақшасындағы «өту кезінде» деген сөздер «теріс нәтижемен» деген сөзбен ауыстырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келген адамдар ПТР әдісімен COVID-19 сынағының теріс нәтижесі бар анықтамасын ұсынуы қажет.

Талқылау