Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы: Елімізде вакцина алғандарға қағаз құжат беріледі
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, COVID-19 вакцинасын алған адамдарға 1 маусымнан бастап анықтамалар беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасай отырып.
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:
1) Қазақстан азаматтарына 2021 жылғы 1 маусымнан бастап қағаз тасығышта КВИ-ге қарсы вакцинация туралы анықтама береді;
2) 2021 жылғы 1 маусымнан бастап шетелдік азаматтарға талап етуі бойынша қағаз тасығышта КВИ-ге қарсы вакцинация туралы анықтама береді.
Сондай-ақ, қаулыға сәйкес медицина қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу үшін мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барады.
- Екпе үшін миллион береді: Ковидке қарсы вакцина алғандарға қандай жеңілдіктер мен сыйлар уәде етілуде?
- Вакцинадан кейін аяқ-қолы құрысып қалған: Алматыдағы перзентхана қызметкерінің жағдайы белгілі болды
1 шілдеден бастап шетелде коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандықтар туралы деректерді растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін қазақстандық дерекқорға енгізетін болады:
"растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шет елде КВИ-ға қарсы екпе алған ҚР азаматтарының мәліметтері 2021 жылғы 1 шілдесінен бастап ҚР ДСМ ХТТ "Вакцинация" модуліне енгізіледі", - делінген қаулыда.
Жаңа қаулыға сәйкес, облыстардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты адамдары Модульге КВИ-ға қарсы вакциналардың қозғалысы бойынша деректерді күн сайын енгізеді

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
