Қазақстанның бас санитар дәрігерін Өскемендегі ПТР лабораториясына кіргізбей қойды
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовты Өскемендегі ПТР зерттеулер жүргізетін лабораторияға кіргізбей қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент санитар дәрігердің сапарының мақсаты пандемияның екінші толқынына дайындықты тексеру екенін атап өтті.
"Атап айтқанда, мамандар өңірде ПТР зерттеулердің қаншалықты қолжетімді екенін және тестілеу жүргізетін зертханалардың қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін бағалады. Осылайша бас санитар дәрігерді Өскемен қаласындағы облыстық репродуктивті медицина орталығына кіргізбей қойған. Зертхана қызметкерлері мен басшылығы не жасырғанын тек болжауға болады", - деді ұйымның баспасөз қызметі.
Одан бөлек, Семей қаласындағы тағы бір жеке лабораторияны тексеру туралы хабарланды. 40 оң нәтиже көрсеткен тестілердің 21-қате тест екені белгілі болған. Департамент мамандарының айтуынша, шын мәнінде тестілерден COVID-19 табылмаған.