Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас санитар дәрігері блок-посттардың алынуы туралы пікір білдірді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қалаларда орнатылған блок-бекеттер жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айжан Есмағамбетова

"Біріншіден, карантинді жұмсарту шаралары жағдайға қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі. Автобустар мен жеңіл көлікке қарағанда, әуе рейсін халықтың аз бөлігі қолданады. Екіншіден, еліміздің әр өңіріндегі жағдай әр түрлі. Қазіргі цифрлардан өңірлер жағдайының теңескенін көріп отырған жоқпыз. Кей өңірде жұқтырудың ең төменгі көрсеткіші тіркелсе, өзге өңірде – керісінше жоғары", - деді Есмағамбетова. 

Бұған қоса ол қалалардағы блок-бекеттер қашан алынатынына болжам жасады. 

"Сондықтан, жеңілдетудің бірінші кезеңінде әуе рейстері іске қосылды. Келесі кезеңде – темір жол көлігі. Бәлкім, одан кейінгі кезеңдерде өңірлер арасындағы блок-бекеттер алынатын шығар. Кей өңірлер өз ішіндегі блок-бекеттерді алып тастады. Сондықтан да, коронавирус инфекциясының қайта тарауына жол бермеу үшін блокпосттар ашылмайды", - деді деп қосты ол. 

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі елордада сыртындағы блок-бекеттер қашан алынады деген сұраққа жауап берген еді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр