Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас прокуратурасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жоспардан тыс тексеруді бастады

Қазақстанның бас прокуратурасы жоспардан тыс индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тексеру жүргізбекші. Бұл туралы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне қарасты Qamqor ақпараттық порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTag-қа сілтеме жасап. 

прокуратура

"Тексеріс нысаны - "Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" мемлекеттік ұйымы", - делінген ресми хабарламада. 

Бұл құжатты танымал қазақстандық журналист Михаил Козачков өзінің желідегі парақшасында жария етті. 

Тексеріс 5 қазаннан 3 қарашаға дейінгі аралықта жүргізіледі. Тексеріс жүргізуді бас прокуратураның қолға алды. 

"Тексеріске негіз болған мәселе: Автотранспорттық құралдардың техникалық эксплуатациядан өту ережелін бекіту. ҚР инвестиция және даму министрінің 2015 жылдың 30 сәуіріндегі №547 бұйрығы. Аталмыш бұйрық ҚР әділет министрлігінде 2015 жылдың 30 қазанында №12221 нөмірімен тіркелген", - делінген құжатта. 


  • "Бұл - барып тұрған ауызжаласу": Үкімет "АЗИЯ АВТО" және "СарыарқаАвтоПром" ұйымдарымен екі түрлі келісімшарт жасағаны әшкере болды


  • Hyundai зауытын құрған кезде ҚР билігі ЕАЭО жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны туралы мәлім болды

Талқылау