Қазақстанның бас қалаларында дәрігерлер тапшы

"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету туралы" онлайн баспасөз маслихаты кезінде денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев мамандардың жұмысқа орналасуы мен кадр тапшылығы мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында медициналық кадрлармен қамтамасыз етудің төмен көрсеткіштері анықталды. Республика аймақтары бойынша дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 24,5-тен 75,9-ға дейін ауытқиды. Бұл ресурстарды аймақтар бойынша бөлудің теңгерімсіздігін көрсетеді", -дейді Төсекбаев.

Сонымен қатар, Төсекбаев нақты қандай мамандар жеткіліксіз екенін айтты. Дәрігерлерден бөлек медбикелер де тапшы екені белгілі болды.

"Қазіргі уақытта медицина кадрларының тапшылығы 4112 бірлікті құрайды. Ең үлкен тапшылық келесі мамандықтар бойынша байқалады: анестезиолог-реаниматологтар (393 бірлік); терапевттер (346,75 бірлік); ЖТД (319,5 бірлік); зертханалық дәрігерлер (226 бірлік); психиатрлар (213 бірлік); акушер-гинекологтар (203,5 бірлік); педиатрлар (202,75 бірлік); жұқпалы аурулар бойынша мамандар (121,5 бірлік); эпидемиологтар (102,5 бірлік); неонатологтар (85,25 бірлік). Республикадағы медбикелерге арналған тапшылық - 8583 бірлікті құрайды", - дейді Төсекбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр