Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның барлық арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ауқымды тексерулер басталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанның барлық арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ауқымды тексерулерді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

спец цон

Фото ашық дереккөзден

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін анықтау мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығы тексеріліп жатыр. Мұндай іс-шара агенттік Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша жасалып жатқаны айтылады.

Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылағаны айтылады.

Кездесу барысында бүгінде алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілген.

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын атап өткен.



"Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тарапты тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу", — деген Бижанов.

Цифрландыру Вице-министрі Асқар Жанбакин өз кезегінде ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлап, бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректі автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік беретінін жеткізген.

“Жүйені жаңарту ХҚКО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді "қолмен" енгізудің жолын кеседі. Атап айтқанда 2023 жылдың тамыз айынан бастап ҚМА-ға 23 қылмыстық іс тіркелді, аталған істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік өтіп жатыр. Мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асты. Тараптар осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті тетіктерін әзірлеу үшін осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты”, – делінген ҚМА таратқан мәліметте.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 14 Наурыз, 2024 10:47
Талқылау