Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріновке қорғаныс жүйесінің әлсіздігін айтты: Ол Украинаның Ресейге қарсы шабуылын мысалға келтірді

Мәжіліс депутаты Вера Ким экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің "Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі мен даму жоспарлары" тақырыбындағы отырысында елімізде азаматтық қорғаныс құрылымдарының 51%-ы халықты қорғауға дайын емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

"Бүгінде әлемдегі күрделі геосаяси жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері ерекше бақылауда болуы керек. Бұл, әсіресе, азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылымдарына қатысты. Бұған бірнеше санды мысалға келтіргім келеді. Азаматтық қорғаныс құрылымдарының инвентаризациясы бойынша 20%-ы ғана дайын. Соның ішінде 24%-ы орташа дайын, 51%-ы халықты қорғауға дайын емес. Бұл цифрлар жұртты алаңдатпай қоймайды", – деді Вера Ким.

Оның айтуынша, бүгінде азаматтық қорғаныс құрылымдарының 70%-ы жеке меншікке, соның ішінде шетелдік компанияларға тиесілі.

"Біз әрбір үшінші объектінің қазір дайын емес екенін жақсы түсінеміз. Бәлкім, шетел азаматтары мұндай қорғаныс құрылымдарын қайта жаңартуға және қолдауға инвестиция салуға дайын емес. Осыған байланысты менде бірнеше сұрақ бар. Мемлекет осы азаматтық қорғаныс құрылымдарының дайындық деңгейін көтеру үшін қандай жоспарлар жасайды және мемлекет бұл қорғаныс құрылымдарын қайтару үшін қандай шараларды қабылдауды жоспарлап отыр? Бұл мәселелер ойда бар ма? Себебі, білеміз, шетел меншігіндегі мұндай объектілерді мемлекеттік меншікке қайтару мүмкіндігі болуы үшін бұл мәселе қарастырылып жатыр ма?" – деп сұрады Ким төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен.

Бұған жауап ретінде төтенше жағдайлар министрі бұл мәселенің қазір күн тәртібінде қаралып жатқанын мәлімдеді.

"Біз оны талқылаймыз, бірақ тақырыптың ауқымына байланысты бұл мәселеге қатысты барлық аспектіні ашық көрсете алмаймыз. Неге? Өйткені біз осы қақтығыстарды зерттеп жатырмыз. Әрине, бірінші кезекте, қауіп-қатер төнген жағдайда басқару пунктері мен қорғаныс құрылымдарының қауіп аймағында екенін түсінеміз. Шындығында, біз осы кеңестік доктринадан алыстап кеттік. Білесіздер, біз қарапайым тұжырымдамаларға келдік және қазір болып жатқан әлемдік тәжірибені зерттедік. Мұндай мысал жақын шетелде тиімді болмады. Онда шабуылдар болып, барлық қорғаныс орындары мен құрылымдары өздерінің әлсіз екенін көрсетті. Сондықтан біз дұрыс шешім қабылдауға және осы бағытта қалай ілгерілейтінімізді анықтауға тырысып жатырмыз. Мысалы, Курскті басып кіру соғысындағы (Украина Ресейдің Курск облысына басып кірген контршабуылы) қорғаныс талаптарын айтуға болады. Онда кім қалай жауап берді, кім не істеді", – деп жауап берді Әрінов.

Осы кезде депутат министрге нақтылау үшін "Содан кейін мемлекеттің оларды қайтаруға ниеті жоқ екені белгілі болды. Ал қазір сіз құрастырмалы қорғаныс құрылымдары туралы айтып отырсыз ба? Әлде жаңалары туралы сөз қозғалды ма" деп сұрақ қойды. 

Алайда министр Әрінов мардымды жауап қайтармады. Оның айтуынша, қорғаныс құралдарын және құрылымдарды жаңарту мемлекеттік бюджеттен көп шығынды талап етеді.



Еске салайық, бұған дейін депутат Ажар Сағындықова төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын минус 5 балға бағалап, сынап тастады. Оның айтуынша, министрлік мүлдем жұмыс істемейтіндіктен өрт кезінде адамдар, құтқарушылар мерт болып жатыр. Сіздердің міндеттеріңіз – адамның өмірін қауіп-қатерден сақтау деді депутат.

Талқылау