Қазақстанның арнайы ХҚКО-ларында ақау шықты
Қазақстандықтарда жүргізуші куәлігін ауыстыруда қиындықтар пайда болды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін ауыстыра алмай жатқандарын айтып дабыл қақты.
Ведомство қазіргі уақытта арнайы ХҚКО жұмысында шынымен де қиындық бар екенін растады.
"Қазақстан бойынша Ішкі істер министрлігінің көлік құралдарын тіркеу ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты арнайы ХҚКО-да шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды.
Жауапты қызметтер жүйе өнімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Арнайы ХҚКО-да қабылдауды қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласы бойынша филиалының PR менеджері Жаңыл Әпетова.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”