Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның алты өңіріне 1 градусқа дейін жететін үсік түседі - синоптиктер

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үсік

Түнде 5 маусымда Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қостанай облыстарында кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Бұған қоса Қарағанды мен Петропавл қалаларында да ауа райы күрт салқындайды екен. 

5 маусымда Қарағанды облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады.

Қарағанды қаласында да 5 маусымда жел солтүстік-шығыстан соғып, түнде екпіні 15 м/с жтеуі мүмкін.

Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарына 1-3 градустық үсік 6-7 маусымда түнде түсетін көрінеді.

Ал Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен және Семей қалаларында 5 маусымда облысында кей жерлерде найзағай, бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді екен. 
 

 

Талқылау