Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

30 қарашада Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен аптада 39 адам қар құрсауында қалып көз жұмды

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындарын қолайсыз ауа-райы күтіп тұр.

30 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында түнде шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Тараз қаласында 29-30 қарашада кей уақытта тұман түседі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Қараша, 2020 06:16
Талқылау