Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның алты аймағында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

жаңбыр

6 маусымда Ақтөбе облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

6 маусымда Маңғыстау облысында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Өскеменде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда Семейде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел жаңбыр кезінде 15-20 м/с жетеді.

Ал, Атырау қаласында күн күркіреп, найзағай соғады.

6 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан тұрған желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Шымкентте шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

6 маусымда Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, арты шаңды дауыл ұласуы мүмкін.
 

STAN.KZ
Жұма, 05 Маусым, 2020 18:47
Талқылау