Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар 550 теңгеге дейін қымбаттады
Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге көтеріліп, 548,79 теңгені құрады. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің 1 долларға ресми бағамы 29 қыркүйекте 544,26 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 546,15 теңгеден сатып алынып, 548,24 теңгеден сатылып жатыр.

Астананың айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 544,4 теңгеден сатып алып, 549,4 теңгеден сатып жатыр.

"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген