Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып Ашықбаев Ержан Нығматоллаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, - делінген Ақорда сайтында.

Бұрын ол Cыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Ашықбаев Ержан Нығматоллаұлы 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін Халықаралық қатынастар жөніндегі маман, екі шет тілін білетін референт-елтанушы мамандығымен бітірген. "Болашақ" бағдарламасы бойынша  Дж. Гарвард университетін Ф.Кеннедидің І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесін алған.

Қызмет жолын Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Шығыс бөлімінің референті ретінде бастаған (1998-1999). Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Шығыс бөлімінің елшісі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, Сыртқы істер Министрі Кеңсесінің басшысы, ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр