Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Қазақстанда ауа райына байланысты үш облыста 9 жол жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын мәлімдеді.

7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды. Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Наурыз, 2023 19:41
Талқылау