Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жариялады

Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға ескерту айтты

Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырауда түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Түркістан облысында оңтүстік-шығыста кей жерлерде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылордада оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Көкшетауда түнде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда оңтүстік-шығыстық жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

STAN.KZ
Жұма, 02 Сәуір, 2021 18:20
Талқылау