Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 6 өңіріндегі жемқорлыққа қарсы агенттіктің департамент басшылары ауысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 6 өңірдегі департаментінің басшылары ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент жанындағы құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен:

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Секешұлы Қарымсақов;

- Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болып Асхат Оразханұлы Оразхан;

- Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев;

- Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Досанов Ерлан Азаматұлы;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Денис Владимирович Шакенов;

- Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Болат Нұрғазыұлы Жилқибаев;

- Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы болып Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.

 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 14 Сәуір, 2022 18:17
Талқылау