Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 6 қаласында Beeline операторының мобильді интернеті шектелді

Beeline ұялы байланыс операторы Қазақстанның бірқатар қалаларында мобильді интернетке шектеу қойылғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін батыс өңірінің тұрғындары интернетке қосылудағы қиындықтар туралы жазған болатын.

Компания Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында мобильді интернет қызметін көрсетуге шектеулер бар екенін растады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз біреулер бұрғылау кезінде Beeline талшықты-оптикалық кабелін зақымдаған. Ұялы байланыс операторының инженерлері оқиға орнында, қазір байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады ұялы байланыс операторы.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 03 Ақпан, 2022 19:13
Талқылау