Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 5 қаласында карантин қалай күшейтіледі: Цой түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2 тамыздан бастап еліміздің бес қаласында қандай шектеулер күшіне енетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Республика бойынша тәуліктік ауру жұқтыру көрсеткішінің 65 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыға тиесілі. Осыған байланысты кеше ведомствоаралық комиссия аталған өңірлерде қосымша шектеу шараларын бекітті. Ол шектеулер 2 тамыздан бастап күшіне енеді", – дейді Цой.

Министр шектеудің қандай мекемелерге бағытталғанын атады.

"Меншік иесіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау нысандарынан, БАҚ ұйымдары мен азық-түлік дүкендерінен, дәріханалар мен өмірді қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа Ashyq жобасына қатыспайтын барша кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады. Ойын-сауық, спорт және өзге де бұқаралық шараларды, отбасылық жиын-той мен еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады", – деді Алексей Цой.



Жұмыс күндері Ashyq-қа қатысатын субъектілердің қызметі 20.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін – 22.00-ден 9 тамызға дейін шектеледі.

"9 тамыздан бастап Ashyq көшбасшыларының жұмыс уақыты 00:00: СОО, сауда үйлері, сауда желілері; қоғамдық тамақтану объектілері (оның ішінде жазғы алаңдар), фуд-корттар; фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, спа-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер; сұлулық салондары, шаштараздар, барбершоптар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар; караоке, бильярд, боулинг, компьютерлік клубтар; кинотеатрлар", – деп мәлімдеді Цой.

Министр бұл ретте Ashyq бұзушыларына қойылатын талаптар күшейтілетінін, қайталанған бұзушылық кезінде – екі аптаға, келесі бұзушылық кезінде – бір айға алып тасталатынын айтты.

Талқылау