Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 4 қаласындағы арнайы операция: Аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері ұсталды

Қазақстанның төрт қаласында арнайы операция өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

11 қыркүйекте ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп "А" және "Бүркіт" арнайы бөлімшелерін тарта отырып, бопсалаумен, рейдерлікпен және қару-жарақ саудасымен айналысқан "Алибов", "Ибрагимов" және "Махмудов" аса қауіпті ҰҚТ қызметінің жолын кесті.

Арнайы операция аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция шеңберінде аталған топтардың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың бірі Ресей Федерациясында бандитизм мен кісі өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған. Қару-жарақ, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы тәркіленді.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар дәлелдемелерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"Карантиндік шектеулер жағдайында қылмыстық топтар өздерінің қылмыстық белсенділігін төмендетпей, экономикалық қиындыққа тап болған кәсіпкерлерден қорқытып алумен және рейдерлікпен айналысуды жалғастырған. Бөтеннің мүлкін алып қою кезінде олар атыс қаруы мен дене күшін қолдану арқылы дөрекілік пен қатыгездік танытқан. Осы жағдайларда ел басшылығы құзыретті органдар үшін бейбіт азаматтарға бандиттік элементтер тарапынан қауіп-қатерлерді жою, қоғамның 90-жылдардағы "рэкетирлікке" қарай құлдырауына жол бермеу бойынша міндеттерді басымдылықтар қатарына қойып отыр", - деп атап өтті ҰҚК-де.

Ведомствода сондай-ақ қылмыстық топтардың жоспарлары мен ниеттерін анықтау және жолын кесу бойынша арнайы қызметтер мен полицияның жүйелі жұмысы жалғасатынын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр